Показать содержимое по тегу: Оңтүстік өнімі
Оңтүстік Қазақстан облысында "Ońtústik ónimi" байқауы басталды. Байқаудың мақсаты - Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауындағы индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу бағыттары аясында Оңтүстіктің төл өнімдерін көрсетіп, насихаттау. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА.