Показать содержимое по тегу: Мәслихат
Ел халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне біртіндеп көшуі туралы пайым-көзқарасын мәлімдей отырып, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының функцияларын тиімді ажырату, ол жүйенің азаматтардың өз елді мекенінде өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей қатысуы үшін базалық негіз екенін атап өткен еді.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ мүшелері қатысуымен кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ өкілі Абылайхан Қалназаров.
А.ж. 12 маусымда Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашевтің қатысуымен бірлескен «Өңірдегі нашақорлықпен күресудің өзекті мәселелері» тақырыбында көпшілік тыңдау отырысы өтті.
Жиын жалпыұлттық аза тұту күніне орай Абай облысындағы алапат өрттің салдарынан қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Қазіргі таңда қоғам дертіне айналған есірткінің жастар арасында белең алуы туралы жергілікті режиссер Азамат Артықовтың «Арбау» қысқа метражды фильмінен үзінді көрсетіліп, «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыптық кітап көрмесі қойылды.
Көпшілік тыңдау күн тәртібінде «Өңірдегі нашақорлықпен күресудің өзекті мәселелері» қаралды.
Ұсынылған мәселе бойынша Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Сұлтанбек Ешмұратов, Ақтау қалалық Есірткі қылмыстарына қарсы іс қимыл бөлім бастығының полиция майоры Нұрбол Бақтыбай және Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық психикалық орталығының бас дәрігері Мәди Токанов баяндама жасады.
Қала тұрғыны Мұрат сөз сөйлеп, ұсыныстарын білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев аталған мәселе бойынша берілген ұсыныстарға облыс әкімдігі қолдау білдіретінін және бірлесіп жұмыс жасайтындығын атап көрсетті.
Жиынға ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Сүйіндік Алдашев және Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, өзге де облыстардың мәслихат төрағалары қатысты.
Сонымен қатар комиссия мүшелері, облыс әкімдігі, мәслихат аппараты, мәслихат депутаттары, қала, аудан әкімдері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, еңбек ардагерлері мен мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері мен облыс тұрғындары келді.
Залдың ішінде ашық микрофондар мен сауал жәшігі қойылып жиырмадан астам ұсыныс-пікірлер қойылды.
Жиын соңында «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашевпен бірге Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев осы індетпен күресуді ел болып қолға алу үшін мәслихат депутаттарының атынан халыққа Үндеу жариялады.
Алдағы уақытта көпшілік тыңдаудың қорытындысы мен комиссияның шешімі шығарылып, нашақорлықтың алдын-алу іс-шаралар жоспары жасақталып, тиісті мемлекеттік органдармен және Сенат депутаттарымен бірлесіп тығыз жұмыс жасалатын болады.
Бүгін ҚР Парламент Сенатында Палата спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті.