Показать содержимое по тегу: Жеңіс Қасымбек
«Министрлікке қарасты негізгі салаларда дамудың оң динамикасы байқалды. Бұл қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары мен әлемдік нарықтағы базалық металдар бағасының тұрақтылығы арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті министр.
Қазақстан делегациясын бастап барған министр Қазақстанның көлік хабы мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады.
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, салынып жатқан Астана-Павлодар автожол учаскесіндегі жұмыстың ұйымдастырылу деңгейін қадағалады, деп хабарлайды mid.gov.kz.
Сондай-ақ, мердігер ұйым өкілдерімен жедел кеңес өткізді.
Кеңеске «Қазавтожол» ҰК» АҚ мен оның Ақмола мен Павлодар облыстарындағы филиалдарының, «Ақмолажоллаборатория» және «Павлодаржоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылығы, сонымен бірге, Астана-Павлодар автожолы жобасының құрылысына тартылған барлық мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.
Ж.Қасымбек өз сөзінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл жобаның стратегиялық маңызын айрықша атап өтті. Сондай-ақ, министр құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде және жоғары сапада жүргізу керектігіне тоқталды.
Кездесу барысында мердігерлердің техникалық жабдықтары, жол құрылысы материалдарын дайындау сияқты тағы басқа да мәселелер талқыланды.
2016 жылдың 9 айында тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 27,3%-ға өсіп, 14,5 млрд. АҚШ долларын құрады (2016 ж. 9 айында – 14,5млрд. долл., 2015 ж. 9 айында 11,4млрд. долл.). Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек алқа мәжілісінде атап өтті. Осылайша, экономиканы инвестициялау бойынша оң динамика бар.
ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлер тасымалы 2 есеге артып, 104,5 мың контейнерді құрағанын және (2015 жылы 47,3 мың.) 2017 жылы барлық контейнерлер тасымалының көлемі 330 мың контейнерге дейін жететінін (оның ішінде Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы контейнерлер 230 мың болады) мәлімдеді.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13