Показать содержимое по тегу: ОҚО
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 1543,3 шақырым жол мен 19 көпірдің жөндеу жұмыстары басталған болатын. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр өңірде 762,2 шақырым жол мен 19 көпір ел игілігіне тапсырылды. Ал қалған 781,1 шақырым жол биыл пайдалануға берілетін болады. Аталған мақсатқа облыстық бюджеттен 27 млрд. 269,2 млн. теңге бағытталса, облыстық маңызы бар 51 нысанға 6,5 млрд. теңге, аудан, қала әкімдіктеріне 417 нысанға 9,8 млрд. теңге және Шымкент қаласының 112 нысанына 10,9 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға арналған тәрбиелік мағынасы мол анимациялық фильмнің тұсауы кесілді. Облыс әкімдігінің тапсырысы негізінде «САҚ» киностудиясы түсірген «Киелі Қазығұрт» атты тарихи-танымдық мульфильмнің премьерасы «Shymkent plaza» ойын-сауық сауда орталығында өтті, деп хабарлайды silteme.kz.
2018 жылы облыстық құрылыс және аудан/қала әкімдіктері тапсырысшы болып табылатын 233 инвестициялық жобаның іске асырылуына 66,2 млрд.теңге қаралған. Бүгінде аталған нысандардың 115-і тапсырылса, 118 нысан келер жылға өтпелі. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандарына сілтемемен silteme.kz хабарлайды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында еліміздегі көп сериалды алғашқы фильм Оңтүстікте түсірілді. Облыс әкімдігінің тапсырысы негізінде «САҚ» киностудиясы түсірген «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы тарихи-танымдық кинохикаяның тұсаукесері бүгін «Shymkent plaza» ойын-сауық сауда орталығында өтті, деп хабарлайды silteme.kz.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласының активіне Президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Сонымен, облыс əкімінің өкімімен Түркістан қаласының әкімі болып Тәжібек Қалманұлы Мұсаев тағайындалды, деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz АА.