Альварес: Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін
09.02.2018, 18:15

Альварес: Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін

Мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды prosports.kz тілшісі.

«Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін. Бірақ алдымен екінші кездесудің қалай өтетінін көруіміз керек. Головкинмен бірінші жекпе-жектен соң реванш туралы көп әңгіме болды. Көрермендерге алдағы жекпе-жек ұнайды деп үміттенемін», - деді Альварес.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварестің рематчы 5 мамырға жоспарланған. Былтыр 16 қыркүйекте өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Алайда көптеген бокс сарапшылары мен көрермендер бұл кездесуде Головкин ұтты деген пікірде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер