Показать содержимое по тегу: тәртіптік жауапкершілік
Қостанай тұрғыны полицияға арызданып, жергілікті балабақшалардың бірінен моральдық шығын талап ететінін айтқан, деп хабарлайды stan.kz.
Шағым берушінің айтуынша, 2016 жылдың 30 қарашасында тәрбиешінің көмекшісі оның қызына физикалық және психологиялық қысым көрсеткен. Оның шағымынан соң азаматша әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Оқиғадан соң қыз балабақшаға баруға барып қорқып қалып, жиі жылайтын болыпты. Қызын күнде кешке алып қайтатын әкесі оның бойынан мазасыздықты байқайды. Тәрбиешілер болса өзге ата-аналарды қыздың әкесіне қарсы қойған. Ал оны “ватсап” желісіндегі ортақ чатта “сатқын” деп атапты.
Сот отырысы кезінде шағым берушінің 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2017 жылдың ақпан айына дейін жауап беруші тарапынан психологиялық қарсылыққа ұшырағаны анықталды. Сот әкенің шағымын қанағаттандырып, балабақшаны 101 мың теңге төлеуге міндеттеген.