актуаль

Показать содержимое по тегу: актуаль

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев пен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне Бас редакторлар клубының түгелге жуық мүшелері қатысып, өзара пікіралмасу онлайн режимінде өтті.

Опубликовано в Саясат жүзі

Как известно, государство играет решающую роль в современных процессах социальной системы, особенно в религиозной сфере страны.

Опубликовано в Саясат жүзі
Тегтер:

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен еліміздің ондаған жетекші психологтарын жүздестірген «Оқулықты сараптау процесіндегі психолингвистикалық және психодидактикалық мәселелер мен шешу жолдары» атты онлайн талқы болып өтті.

Іс-шараға Қазақ психология қоғамының президенті, психология ғылымдарының докторы М.Ә.Перленбетов, психология ғылымдарының докторы, профессор Д.Д.Дүйсенбеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қызметкерлері, психология ғылымдарының кандидаттары А.С.Нұрадинов пен Ә.С.Мәмбеталина, сондай-ақ бірқатар Республикаға танымал сала мамандары қатысты.

Талқы барысында «Оқулық» орталығының оқулық сараптаудағы басымдықтары мен мекеме жанынан жаңадан Оқулықтарды психолингвистикалық және психодидактикалық сараптау бөлімін құру және мамандар тарту мәселелері қарастырылды.   

Шара модераторы, «Оқулық» РҒПО директоры Ғ.Б.Бейсембаев оқулықтардың сапасын арттыру үшін күн тәртібінде дамыған елдерде қолданылып жатқан осындай жаңа бөлім қалыптастыру қажеттілігі туындап отырғанын алға тартты.

«Кітаптар мазмұнын кемелдендіре түсу үшін жаңа тетіктер қарастыру керек. Психологиялық-лингвистикалық, яки дидактикалық сараптама әлемдік тәжірибеде бар. Біз де тұңғыш рет қолға алмақпыз. Осы мәселелермен арнайы айналысатын құрылым құрудың сындарлылығын және оған мамандар тарту мен ұсыныстар беруді кәсіби ортаның ықтиярына салып отырмыз», - деп атап өтті өз сөзінде Ғ.Бейсембаев.

Бұл орайда Қазақ психология қоғамының президенті, п.ғ.д. М.Ә. Перленбетов: «Ағымдағы міндеттер тосын шешімді талап етеді. Іске дереу кірісу керек. Бұл үшін Қазақстанның мыңдаған психологтарының басын қосқан  бірлестігіміз қажетті мамандарды табу және басқа да ұйымдастырушылық-консультативтік бағыттар бойынша қол ұшын созуға әзір», - деді.

Бұдан бөлек, психолог ғалымдар мен практиктер кезегімен сөз алып, мұндай ілкімді бастаманың көтеріліп отырғандығына разы екендіктерін және құзіретті ұйым ішінде Оқулықтарды психолингвистикалық және психодидактикалық сараптау бөлімін құруды бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Айта кетейік, Орталық қызметінің басты мақсаты – білім мазмұнын бағалай отырып, оқулықтар сапасын арттырып, жоғары деңгейге жеткізу үшін сараптама жүргізу.

Опубликовано в Қоғам

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасының тұсаукесеріне арналған брифинг болып өтті.

Опубликовано в Саясат жүзі

Оқушылардың, жастардың кітапқұмарлығы бағытында бірнеше үлгілі мектептерде үлкен жұмыстар атқарылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев мәлім етті. Бұл шаралар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қолға алынып отыр. Жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру.

Опубликовано в Саясат жүзі
Страница 24 из 158

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер