Солтүстік Қазақстан облысына 700 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр
22.10.2016, 09:51

Солтүстік Қазақстан облысына 700 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына 700 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды baq.kz.

Ал бүгінде теріскейге мемлекеттік бағдарламамен 127 отбасы қоныс аударған екен. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Айдарбек Сапаров журналистерге мәлімдеп, облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайлы баяндады.

 Оның айтуынша, келер жылы бұл өңірде қант зауыты салынып, онда қант қызылшасы өңдеуден өтетін болады. Қазір диқандар әр гектардан 50 тонна қызылша алып жатыр. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандықтар шекаралас орналасқан Омбы қазақтарына да көмегін аянбайды.

«Біз Омбыға жылына екі рет делегациямен барып тұрамыз. Қазақ диаспорасымен кездесу өткіземіз. Оларға көмек керек болса, көрсетеміз. Олар да бізге келіп тұрады. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бүгінде тілді дамыту үшін оларға кітаптар жіберіп жүрміз», - дейді Айдарбек Сапаров.

 

 

Пікір  

Қытайдағы қазақ
+ 0 Қытайдағы қазақ 24.10.2016 20:15
Оңтүстіктер анадай, мынадай деп жатамыз, бірақ, біздің көтеген мәселелерімізді шешіп, азық - түлікпен қамтамассыз етіп отырғын аймақтың бірі. Енді міне өздері ниет білдіріп, орыстары басым облыстарға көшіп, солар ақ мемлекеттің шешуге ұмтылған тіл мен қазақыландыру мәселесінде атсалыспақ. Қөшіңіздер, бастысы ел үшін еңбек етіңіздер!!!
Жауап беру

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер