Б.Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді
20.10.2016, 11:28

Б.Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді

Астанада өтіп жатқан саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың xалықаралық форумында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді, деп хабарлайды baq.kz

«Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде сырттан қаншама қандасымыз келді. Ол бауырларымызды оралман деп айтып жүрміз. Меніңше, оралман дегеннен гөрі ағайын деп айтқанымыз дұрыс болады. Сондықтан, осындай ұсыныс жасағым келіп тұр» ,- деді Бағлан Майлыбаев.

Айта кетейік, форум жұмысына Қазақстанның белгілі саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары, Германия, Италия, Қытай, Ресейден келген ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.

 Бек ТӨЛЕУОВ

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер