«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ерекше жобалар басталады
18.02.2018, 09:28

«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ерекше жобалар басталады

Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ордабасы тауында үш биге монумент орнатылып, «Қазығұрт тауы» жобасы жүзеге асырылады. Бұл екі тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары мұқият ескерілген. Ал Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын ежелгі жол қайта жаңғыртылып, оның бойына ұлттық қолөнершілердің шеберханалары бой түзейтін болады. Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында өткен есепті кездесуінде облыс әкімі Ж.Түймебаев осылай деді, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ол Қожа Ахмет Ясауи мұрасының XVI-ғасырда көшірілген хикметтерінің 100-ден астам қолжазба нұсқасын жариялау арқылы түркі дүниесінің рухани тұтастығын қамтамасыз ету көзделіп отырғанын атап өтті.

«Биыл облыста рухани жаңғыру тың жобалармен толықтырылып, осы жылы «Қымызмұрындық», «Қауын fest», «Агро fest», «Ақсу-Жабағылының алқызыл қызғалдағы», «Туған жерге тағзым» атты облыста дәстүрлі түрде өтетін ерекше жобалар бастау алмақ. Олардың қатары Шардара ауданының туристік әлеуетін көтеру мақсатындағы туристік форум «Safari Shardara» іс-шаралары мен Сарыағашта гольфтен «Open Saryagash» жарысымен толығатын болады»,-деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, облыста «Туған жер» арнайы жобасы негізінде 50 жоба дайындалып, 153 іс-шара жүзеге асырылуда. Ал «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында 19 жоба,  «Рухани қазына» аясында 20 жоба, «Атамекен» аясында  10 жоба, «Ақпарат толқыны» аясында 2 жоба іске асады.

Айта кетейік, аталған бағдарлама шеңберінде «Қасиетті Қазақстан» орталығымен жалпы республика бойынша 100 нысан (қасиетті, киелі жерлер) іріктеліп алынса, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан 25 нысан енгізілген.  Ал ЮНЕСКО - ның  «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» номинациясы бойынша 8 ескерткіш біздің өңірімізде. Олар – Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері. «Көне Түркістан» тұжырымдамасы 3 кезеңге қарастырылған.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер