кино

Показать содержимое по тегу: кино

Бұл туралы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов abctv.kz порталына берген сұхбатында айтып өткен.

Опубликовано в Қоғам

ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов abctv.kz порталына берген сұхбатында Мәдениет немесе Ақпарат министрлігі жанынан  Көркемдік кеңес құру қажет деген ұсыныс айтқан.

Опубликовано в Шешімгер

ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов abctv.kz порталына берген сұхбатында «Көшпенділер» фильмінде рөлдерде ойнаған шетелдік актерлар мен «Оскар», «Нобель» сыйлықтары туралы айтып өтті.  

Опубликовано в Руханият

ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсыновпен сұхбат.  

Опубликовано в Сұхбат
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Дулат Исабековтің сценарийі негізінде Балуан Шолақ туралы толықметражды көркем фильм түсірмек, деп хабарлайды inform.kz.
 
Киносценарий М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған «Жаужүрек» пьесасының желісі бойынша жазылған.
«Қазіргі таңда түсірілім тобы толықтай жасақталған. Дайындық кезеңінде тұрған түсірілім фильмге қажетті киімдерді тігіп, реквизиттер әзірлеп, декорациялар түрғызып жатыр. Фильмнің түсірілімдері Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді. Фильмнің режиссері - Нұргелді Садығұлов», - делінген таратылған хабарламада.
Нұргелді Садығұловтың айтуынша, бұл жоба оның көптен бері мақсат еткен арманы болған.
«Мен Балуан Шолақ тұлғасына 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып жүргенімде қатты қызықтым. Сол кезден бастап, осы кісі жайлы фильм түсіргім келді. Балуан Шолақтың бойында ақындық, серілік, әншілік және алып қара күш те бар. Оның еліне, жеріне, отанға деген махаббаты әрқайсымызға үлгі боларлық. Менің ойымша, бүгінгінің жастары Балуан Шолақтай ерді білуі тиіс», - деді фильмнің режиссері Нұргелді Садығұлов.
Фильмнің сценариі бірнеше жыл бойы жазылған және қайта өңделген. Түсірілім тобы фильмнің сапалы шығуы мақсатында кеңесшілерді тартқан. Олардың қатарында: көркемдік жетекшісі С.Нарымбетов, көркемдік кеңесшілері Е.Төлеутай, Б.Ыстыбаев, Б.Беделхандар бар. Картинаға танымал актерлармен қатар, экранға алғаш шығып жатқан дебютанттар да түседі. Бірақ олардың есімдері әлі аталмай отыр. «Актерлар іріктелді. Алайда бас кейіпкерді әзір айта алмаймын. Себебі, екі актердің арасында таңдау үстіндемін», - дейді режиссер.

 

Опубликовано в Руханият
Страница 5 из 7

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер