«Біздің ең басты олжамыз өз халқымыздың сұранысын қанағаттандыру. Осы белесті бағындырып жатсақ, әлемді жаулауға кірісуге болады. Бүгінде атақ та, даңқ та сатылады. Тпті «Оскар», «Нобель» сыйлықтарының өзі базардағы саудагердің қолындағы дүниедей болып қалды», - деген өнер ардагері.
«Біздің мұратымыз халықаралық жарыстан сыйлық алу емес, халықтың алғысы мен ықыласына кенелу болуы керек. Бір құлап, бір тұрып жатса да, қазақ киносы қалыптасып, дамып келеді. Болашақта көрермендердің қазақ киносына деген ықыласы артса, жағдай қазіргіден де жақсы болады»- деп түйіндеген Д.Жолжақсынов сұхбатын.