Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» атты жаңа фильміне басты рөлге кастинг жариялайды, деп хабарлайды Baq.kz.
Показать содержимое по тегу: Қазақфильм
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Оралман" фильмі Бішкекте өткен "Ақ Ілбіріс" фестивалінің 2 жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Today.kz "Қазақфильмнің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түрік кинематографистері Алматыда желтоқсанның 23-27 аралығында өтіп жатқан «Түрік фильмдерінің апталығы» аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына келді.
- 26 қазан күні бір топ журналистер қауымы режиссер Болат Қалымбетовтың «Талан» атты толықметражды көркем фильмінің түсірілім алаңында болды, деп хабарлайды Silteme.kz.
Қазақфльм баспасөз қызметінің хабарлауынша, фильм Қазақстан Республикасының 25 – жылдық мерейтойына орайластырылған. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндіріске жіберген. Бүгінгі таңда түсірілім жұмыстарының жартысы түсірілген. Алда әлі екі апта түсірілім жұмыстары бар.
Түсірілім алаңында болған журналистермен кездесу барысында Болат Қалымбетов фильм жайлы ойымен бөлісті: Бұл фильм тарихымыздың ең қиын кезеңдері –жиырмасыншы ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында орын алған оқиғаларды қарапайым адамдардың өмірі арқылы суреттейді. Фильмнің мақсаты сол замандағы адам бейнесін экранда көрсету.
Фильмнің аннотациясы: Фильмнің сценариі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-адам» повесінің желісі бойынша жазылған. Кинофильм тарихымыздағы аса күрделі кезеңді адам болмысының құбылысы арқылы танытқысы келеді. Тағдырдың жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамның ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы – тәуелсіздіктің қадір-қасиеті көрінеді. Талан – тағдырдың синонимі.