Показать содержимое по тегу: шағын несие
Кәсіпкерлікті бастағанына 3 жылдан асқан азаматтар бұдан былай шағын несие ала алмайды. Президенттің бес бастамасының бірі – микроқаржыландыру бағдарламасына биыл өзгерістер енгізілмек. Мұны Үкімет үйінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрлігінің өкілі айтты.
Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» шағын несиеге шамамен 27 млрд теңге бөледі. Былтыр қор бұл мақсатқа 19 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған болатын. Енді Елбасының шағын несиені арттыруға бағытталған бастамасынан кейін бөлінетін қаржының көлемі ұлғайды.