Показать содержимое по тегу: реніш
Баршамыз да тыныш, бақытты өмірді аңсаймыз. Бірақ, кей жағдайда өзге адамның қатысуымен біздің көңіл-күйіміздің бұзылып, мұңаюымызға, ренжіп, өкпелеуімізге, тіпті кейде кектенуімізге душар қылатын жағдайларға тап болып жатамыз. Жанымызға салмақ түсіп, ойымыз өзгеріп, негізгі бағытымыздан ауытқып, бүліне бастаймыз. Сондағы қозғалтқыш күш не? Ол-реніш! Ал оған қарсы құрал не? Ол – кешірім!
Пенде болған соң, әрине, кей кездері біреуді ренжітіп немесе өзіміз ренжитін сәттер аз болмайды. Неге кейде біреуді ренжіте салу оп-оңай да, ал кешіру соншалықты қиын болып көрінеді?