ОҚО

Показать содержимое по тегу: ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ордабасы тауында үш биге монумент орнатылып, «Қазығұрт тауы» жобасы жүзеге асырылады. Бұл екі тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары мұқият ескерілген. Ал Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын ежелгі жол қайта жаңғыртылып, оның бойына ұлттық қолөнершілердің шеберханалары бой түзейтін болады. Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында өткен есепті кездесуінде облыс әкімі Ж.Түймебаев осылай деді, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Опубликовано в Саясат жүзі

2018 жылы облыстың ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігін арттыру мен экспортты ұлғайту бағытында дамитын болады. Яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 15 мың га ұлғайтылып, жалпы егіс көлемі 833 мың га жеткізіледі.  Ал интенсивті баулар 800 га, жүзім 736 га, таңқурай 300 га, жаңғақ шаруашылығы қосымша 1000 га жерге отырғызылмақ. Бұдан бөлек, жылыжайлар 200 га, тамшылатып суғару әдісі 7 200 гектарға енгізілетін болады. Бұл жөнінде «Түркістан» сарайында өткен облыс әкімінің есепті кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz АА.

Опубликовано в Бизнес

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздардың жалақысы 30 пайызға артты. Білім саласындағы жаңартылған бағдарламасы аясында орын алып отырған жаңалық әзірге 1,2,5,7 сыныптың оқытушыларына ғана қатысты. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен барлық сынып мұғалімдерінің еңбекақылары жоғарылайтын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Білім басқармасының басшысы И.Сағындықов мәлімдеді, - деп ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Опубликовано в Technology

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі кешен көрмесі өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстан елінің қалыптасуындағы шешуші рөлін жан-жақты көрсету мақсатында ұйымдастырылған көрмеде оңтүстікқазақстандықтар назарына Елбасы кітапханасының архив, кітап, музей қорларынан алынған материалдар ұсынылады. Яғни, Астанадағы Елбасы музейінен 800-ге жуық түпнұсқа қолжазба, суреттер және жеке заттары әкелінді. Еліміздегі облыстар арасында алғаш рет Оңтүстік өңірінде бастау алған көшпелі көрме 2018 жылдың мамыр айына дейін жалғасатын болады, - деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Опубликовано в Руханият

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Салбурын - мереке ғой саятшыға» атты этнографиялық шара өтті. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы  аясында өткен басқосуды облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.  Шараның мақсаты - саятшылық, құсбегілік өнерді қайта жаңғырту. Мұнда қазақтың төл өнерін жанына серік еткен облыстағы жігіттер қауымы бақ сынады, деп хабарлайды silteme.kz АА  ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Опубликовано в Руханият
Страница 11 из 26

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер