Зың-зың құрт: Желіде тағы бір вирусты әуен хитке айналды
02.02.2018, 16:04

Зың-зың құрт: Желіде тағы бір вирусты әуен хитке айналды

Зың-зың құрт: Желіде тағы бір вирусты әуен хитке айналды Фото: zakon.kz

Хит авторлары қазақтың ұлттық тағамын мақтап жарысқан.

Желіде “Зың-зың” сияқты тағы бір вирусты әуен хитке айналды. “Соси құрт”, яғни “Құртты сор” туындысын танымал отандық блогерлер мен вайнерлер бірігіп шығарған, деп хабарлайды Stan.kz.

Отандық жобаларда бой көрсетіп үлгерген жас әнші Индира Еділбаева да жаңа “хитті” орындаушылардың бірі.

Хит авторлары қазақтың ұлттық тағамын мақтап жарысқан. “Бүкіл әлем құртты сорады”, “Құртты сор, қайын-жұртыңа беруді де ұмытпа”, – делінген әуен мәтінінде.

Желідегілер жаңа әннің нағыз хит екенін атап өткен.

 

“Осы клиптен кейін құрт қымбаттап кететін болды ғой, бейнеклип керемет шыққан, жарайсыздар”, “Мұны тек қазақтар түсінетін шығар, құртты жемейтін халықтарға түсіну қиынға соғады”, – деп пікір білдірген желі қолданушылары.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер