Показать содержимое по тегу: ИДМ 2017
«Министрлікке қарасты негізгі салаларда дамудың оң динамикасы байқалды. Бұл қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары мен әлемдік нарықтағы базалық металдар бағасының тұрақтылығы арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті министр.
Өнімдерді сыртқы нарыққа шағыру үшін ақпан айында Үкімет жанынан экспорт жөніндегі Ұлттық кеңес және «КазЭкспортГарант» АҚ базасында мамандандырылған «KAZAKH EXPORT» компаниясы құрылатын болады.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметте өткен кеңейтілген отырыс барысында көлік кешенін дамыту қызметі туралы айтты, деп хабарлайды silteme.kz.
ҚР Үкіметінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті. Жетекші салалардың министрлері еліміздің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын жасады. Индустриалдық-инновациялық даму мәселелері бойынша инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек есеп берді.