ЭКСПО-2017: Н.Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен бірге Финляндияның ұлттық павильонын аралап көрді
20.06.2017, 20:11

ЭКСПО-2017: Н.Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен бірге Финляндияның ұлттық павильонын аралап көрді

"Біздің қарым-қатынасымыз – үлгі етуге тұрарлық. Біз бірнеше рет түрлі әлемдік басқосуларда жүздестік. Финляндия «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу орнын таңдап, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртебесін алу кезінде бізге қолдау білдірді. Қазақстан да халықаралық аренада Финляндияны әрдайым қолдап келеді", – деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

Екі елдің президенттері Финляндияның ұлттық павильонындағы экспозициялармен танысып, «Нұр Әлем» кешенінде орналасқан Қазақстанның көрме павильонын аралап көрді, деп хабарлайды akorda.kz порталына сілтеме жасай отырып silteme.kz.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары көрме кешенінің Конгресс-орталығында екіжақты келіссөз жүргізді.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Ниинистёге елімізге сапармен келіп, Финляндия павильонын ашуға қатысқаны үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Біздің қарым-қатынасымыз – үлгі етуге тұрарлық. Біз бірнеше рет түрлі әлемдік басқосуларда жүздестік. Финляндия «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу орнын таңдап, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртебесін алу кезінде бізге қолдау білдірді. Қазақстан да халықаралық аренада Финляндияны әрдайым қолдап келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екіжақты байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталып, өнеркәсіп, фармацевтика, ақпараттық технологиялар, білім және медицина сияқты салалардағы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенімізді айтты.

С.Ниинистё Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесудің ұйымдастырылғаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаһандық және өңірлік өзекті мәселелерді шешудегі рөліне тоқталды.

– Сіздің екіжақты қарым-қатынас мәселелеріне ғана емес, сонымен бірге жаһандық проблемаларға қатысты пікіріңіз де мен үшін әрдайым маңызды. Қазір бүкіл әлем Қазақстанда өтіп жатқан келіссөздерге көз тігіп отыр. Бұл – Астанадағы Сирияға қатысты келіссөздер, – деді Финляндия Президенті.

С.Ниинистё Мемлекет басшысына ұлттық павильонмен танысқаны үшін алғыс айтып, Финляндияға сапармен келуге шақырды.

***

Финляндия (Мемлекеттің атауы фин және швет тілдерінде дыбысталуы (ақп.фин. Suomi, швед. Finland; ресми атауы Финляндия Республикасы, фин. Suomen tasavalta, швед. Republiken Finland) — Еуропаның солтүстігінде орналасқан мемлекет. 2015 жылғы көрсеткіш бойынша халық саны 5 492 000 адамды құрап отыр, жер аумағы — 338 430,53 км². Әлем бойынша халық саны бойынша 114-ші, жер бойынша 64-ші орында тұр.

Астанасы әрі ең ірі қаласы — Хельсинки. Мемлекеттік тілдері — фин және швед тілдері.

Парламенттік-президенттік республика. 5 ақпан 2012 жылдан бастап президент Саули Нийнистё елді басқарады. Солтүстік паспорт одағы (1952), Солтүстік кеңес (1956), Еуропа одағы (1995) және Шенген келісімі (1996) сынды одақтарға мүше. 6 желтоқсан 1917 жылдан бастап тәуелсіз ел болып саналады.

Шығысында Ресеймен, солтүстік-батыста — Швециямен және солтүстікте — Норвегиямен шектеседі. Елдің оңтүстік пен батыс жағалаулары Балтық теңізі мен Фин және Ботния шығанақтары шайып жатыр. Эстониямен теңіз арқылы шектеседі.

2010 жылы Newsweek журналы бойынша Финляндия «Әлемнің үздік елдері» (ағылш. The world's best countries) тізімі бойынша бірінші орында болған, ал 2011-2014 жылдар аралығында америкалық «Fund for Peace» қоры елді «Әлемдегі ең тұрақты мемлекет» ретінде бағалаған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер