Украина ЭКСПО көрмесінде "Ақылды үй" жобасын таныстырды
16.06.2017, 10:15

Украина ЭКСПО көрмесінде "Ақылды үй" жобасын таныстырды

Біздің бәрімізге тұрақтылық қажет. Бүгінде Украина осы тұрақтылықты паш етуге және әділ бәсекелестіктің арқасында  қазіргі әлемде және тұрақтылық жағдайында инвестициялардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетуге дайын. Бүгінгі таңда Украина баламалы энергия көздердін енгізіп қана қоймай, сонымен бірге жел мен күн сәулесін белсенді түрде пайдалануда. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі міндеті жасампаздыққа - бағытталған...

*****************************************************

Украина ЭКСПО-ға электр өндіретін инновациялық жел генераторларын, ақылды үйі, күн концентраторлары мен жалюздер әкелді. Бұл туралы халықаралық мамандандырылған көрменің шеңберінде Украинаның Ұлттық күнін мерекелеу барысында Украина мемлекетінің вице-премьері Геннадий Зубко айтып берді.

Ол өз сөзінде баламалы энергияны пайдалану  мәселелерінде шешімдерді  бірлесіп іздестірудің маңыздылығын атап өтті.

«Біздің бәрімізге тұрақтылық қажет. Бүгінде Украина осы тұрақтылықты паш етуге және әділ бәсекелестіктің арқасында  қазіргі әлемде және тұрақтылық жағдайында инвестициялардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетуге дайын. Бүгінгі таңда Украина баламалы энергия көздердін енгізіп қана қоймай, сонымен бірге жел мен күн сәулесін белсенді түрде пайдалануда. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі міндеті жасампаздыққа - бағытталған», - деді Геннадий Зубка.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Астана қаласының күн, жел, биогаз, теңіз және термальдық сулардың энергиясын пайдалану саласындағы үздік әлемдік жобалар мен трендтерді  көрсетуге арналған тиімді алаңға айналатынына сенімін білдірді. «Осы жерде болашақтың энергиясын пайдалану мәселелеріндегі озық үлгілер көрсетілетін болады. Баламалы энергияны өндіру және тұтыну саласындағы серпінді және келешегі бар жобалар ұсынылады. Украиндық мамандар біз тұратын ғаламшардың экожүйесін сақтауға және жасыл энергетиканы дамытуға өздерінің салмақты үлесін қосуға дайын», - деп атап өтті Бақытжан Жақсалиев.

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің шеңберінде Украинаның Ұлттық күнін мерекелеу барысында ұзындығы 30 метр мата сүлгі таныстырылды.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі 10 қыркүйекке дейін созылады. 

Қалай десе де, Елбасы атап өткендей, "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. 


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер