ЭКСПО-2017: Украинаның үш өнертабысы
19.06.2017, 09:50

ЭКСПО-2017: Украинаның үш өнертабысы

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Жібек жолы павильонында орналасқан Украина экспозициясының аумағы 35 шаршы метрді құрайды. Шағын ғана аумақты еншілеген олар энергетикаға қатысты бірқатар өнертабыстарын қоюға тырысқан. Мәселен, су мен ғимараттарды жылытуға арналған күн агрегаты, жел генераторы және жарықтан энергия өндіретін қондырғы келушілерді елең еткізуде.

Су мен ғимараттарды жылытуға арнал­ған агрегат күн энергиясын жинайтын пласти­на­­­лар­­дың көмегімен сәулелерді орталыққа шо­ғыр­­ландырады. Онда орналасқан шыны түтік­ше түріндегі вакуум Цельсий өлшемімен 900 гр­адусқа дейін қызады да, еденді, бас­сейн­ді немесе кішігірім үйлерді жылыта алады. Ұйым­дас­­ты­­ру­­шылардың айтуынша, құрыл­ғының 4 кВт болатын қуаттылығы үлкен үйлерге шама­сы кел­мейді. Десе де, күніне 1000 литр суды жылы­туға қауқарлы. Аппараттың біре­гейлігі сол, күн­нің орналасқан жерін өзі анықтайды және күн­бағыс секілді пластиналарын күнге қарай бұрады.  Украиналық өндірушілердің патенттел­ген тағы бір технологиясы – ультрадыбысты шы­ғын өлшеуіш. Оны газ, мұнай және су құбыр­ларын­дағы қысымды өлшеу үшін пайдаланады. «Ап­па­рат тетіктеріндегі ультрадыбыстың көмегі­­мен құбырды ашпай-ақ оның ішіндегісін, көле­мін және қысымын білуге болады. Ыңғай­лы да ықшам шабаданда орналасқан құрылғы­ның қуаты 8 сағатқа дейін жетеді», дейді таныс­тырушылар. Украина секциясының үшінші жаңалығы – күн сәулелерінен энергия өндіретін қондырғы. Күндізгі уақытта күннен қуат жинайтын перде­ше кешкі уақытта бөлме шамының жарығынан да энергия өндіреді. Жиналған энергияны кішігірім тұрмыстық техникаларға қолдануға болады. Атап айтқанда, телефон мен ноутбукті қуаттауға, теледидарды қосуға жарамды. 

Асхат Райқұл, «Егемен Қазақстан»


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер