Астана – Теміртау автожол құрылысы аяқталуға жақын
31.10.2016, 19:02

Астана – Теміртау автожол құрылысы аяқталуға жақын

Кеңес барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов, ҚР ИДМ министрінің орынбасары Берік Қамалиев және «Иврус» ЖШС, «ДС Нойбург» ЖШС, «АКМ» ЖШС, «АБК Автодор НС» ЖШС, «Дорстрой» ЖШС мердігер ұйымдарының басшылары есеп берді. 

Астана-Теміртау жаңа автобанының жалпы ұзындығы 171 км-ді құрайды. Қазіргі таңда автожолдың қайта құру жұмыстары аяқталуға тақап қалды.
Автожол I-а техникалық санатының нормативтері бойынша 140 км/сағат есептік жылдамдығымен құрылуда. Қарама-қарсы жолақтар қисық сызықты бруспен бөлінген, ол ЖКО санын кем дегенде 3 есеге қысқартуға, ал зардаптардың ауырлығы мен жарақаттану деңгейін 8 есеге азайтуға мүмкіндік береді.

Автокөлік жолын қайта құру жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес әрі барлық технологияларды сақтау арқылы Қайта құру жұмыстарынан кейін учаскенің өткізу қабілеті тәулігіне 6 мыңнан 28 мың автокөлікке дейін арттырылатын болады.

Жүргізушілерге қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында автожол бойындағы Аршалы мен Ошағанды ауылдарында жылыту пункттері бар екі жол сервисі нысандарын құрастыру қарастырылған.

Ағымдағы жылы жұмыстарды аяқтауға 51,5 млрд теңге бөлінді. Учаскелерге 2 мыңнан астам жұмысшы тартылды және 1 200 мыңға жуық бірлік техника жұмылдырылды.

Жолдарды жөндеу кезінде пайдаланылатын материалдардың 85% қазақстандық өндіріс материалдары болып табылады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 920 км автомобиль жолдарын пайдалануға береді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінде толық, Астана – Теміртау, Алматы – Талдықорған, Ақтау – Бейнеу, Көкшетау – Петропавл учаскелерінде қозғалыс ашылады. Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін және Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлер пайдалануға беріледі.

Кеңесті қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астана-Теміртау учаскесін жөндеу бойынша негізгі жұмыстар орындалғанын атап өтті. Сонымен бірге, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ а.ж. 10 қарашаға дейін жолды жайластыру және көліктің үздіксіз қозғалысы үшін қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтау тапсырылды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер