Жер қойнауын пайдалануға онлайн режимде бақылау жүргізіледі
10.10.2016, 21:38

Жер қойнауын пайдалануға онлайн режимде бақылау жүргізіледі

Процедураларды автоматтандыру мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану бойынша интерактивті картаны іске қосты. Онда Қазақстанның бүкіл аумағының геологиялық карталары орналастырылған. Енді қолданыстағы және жоспарланып отырған келісім-шарт аумақтары бойынша ақпарат алуға болады. Аталмыш интерактивті карта жетілдірілетін болады. Яғни, жер қойнауын пайдалану құқығын беру мен онлайн режимде бақылау жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген жаңа тәсілдері (австралиялық тәжірибе) енгізіліп отыр. Ақмола облысы Степногорск қаласының маңайындағы толық зерттелмеген учаскелерде осы тәсілдер пайдаланылып, жуырда бекітілген 17 келісім бойынша қолданыла бастады. Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы толық зерттелмеген учаскелерде жұмыстар басталып, ары қарай бұл жұмыс республиканың барлық аумағын қамтымақ.

Министрлік халықаралық CRIRSCO комитетінің құрамына кіру бойынша жұмыстар жүргізіп, әлемдік қауымдастыққа қоғамдық есептілік стандарттарына арналған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша минералдық ресурстар мен қорлар жайында таныстыру жұмыстарын атқарды.

Сондай-ақ, барлық жүргізілген реформалардың шешуші кезеңі ретінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасын дамыту болмақ. Бұл ретте ведомство, кодекстің жер қойнауын пайдалану саласындағы әлемдік стандартқа сай келетін үздік «серпінді» заңнамалық акт болуын қалайды.

Жоғарыда аталған жаңалықтар геологиялық барлау бойынша инвестициялық тартымдылықты арттырады және шағын компаниялардың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, салаға қосымша инвестиция тартуға септігі тиетін болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер