Астана әуежайын қайта жаңғырту келер жылы аяқталады
07.10.2016, 16:57

Астана әуежайын қайта жаңғырту келер жылы аяқталады

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкімет отырысында астаналық әуежайдағы құрылыс жұмыстары жайлы айтып берді.

Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту мен жаңа терминалдың құрылысы жобасы бойынша сондай-ақ ВИП терминалдың, жаңа тұрақ орындары, инженерлік инфрақұрылым құрылыстары мен перронды қайта жаңғырту және сол аумақты абаттандыру жұмыстары қаралған.

Жоба құны 60,2 млрд.теңгені құрайды. Биыл Ұлттық Қордан 10 млрд.теңге шамасында қаржы бөлінді. Ол қаражат толық көлемде игерілді.

Бүгінгі таңда ғимараттың темір бетонды және болат қаңқасын тұрғызу жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге қасбетін, шатырын, су өткізу желісін, жылу, электрмен жабдықтау және коммуникациялық байланыс желілерін орнату жұмыстары атқарылуда; ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр және багажды өңдеу автоматты құрылғы жүйесін монтаждау жұмыстары басталды.

Орындалған жалпы жұмыс көлемі – 58%. Құрылыстың толығымен аяқталуы 2017 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.

Қосымша айта кетер болсақ, Астана қаласының бас жоспары бойынша 2030-жылға дейін күніне 1200 адам жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін жалпы аумағы 1000 шаршы метр тағы бір халықаралық әуежай салынады. Әуежай шамамен қаладан 35 шақырым қашықтықта орналасады. Оның құрылысы Көкшетау тас жолы бойындағы Шортанды не Қарағанды тас жолында орналасқан Аршалы аймағында бой көтереді. Қазіргі әуежай ішкі бағыттармен жұмыс істеуге көшетін болса, жаңа әуежай халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер