рахмет

Показать содержимое по тегу: рахмет

«Северный» сауда орталығындағы «Бәрі де рахмет үшін» дүкенінде 1000-нан астам адамға тегін киім-кешек таратылды, деп хабарлайды altai.kz.

Оны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері ұйымдастырды. Аталмыш шараға қатысушы, «Исток» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мунира Балукованың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын Семейдегі 500-ден астам қарт және жалғызбасты адамдарға арнайы әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрады.

"Бұл дүкеннің ерекшелігі сола – мүгедектер және жетімдер үйінің балалары, жалғызбасты аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар өздерінің балаларына қалаған киімдерін тегін алып кете алады. Бірақ, ол үшін алдымен алушы жеке бас куәлігіндегі деректерін, мекен-жайын қалдырады. Соның негізінде дүкен қызметшісі киім-кешектің кімге берілгенін компьютерлік базаға енгізеді. Сол сияқты мұнда өздері кимейтін киімдерін өткізген жандарға да осындай талап қойылады", - дейді Мунира Балукова.

Опубликовано в New generation

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер