Показать содержимое по тегу: Сараптайм
Нұрсұлтан Назарбаев аурудың алдын алу маңызды екенін және ұлттың дені сау болуы үшін азаматтардың маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын. «Денсаулықты жақсартуға адамдардың өзін тарту қажет. Адамның денсаулығы тек 10-15% медицинаға тәуелді. Одан басқасы түгелдей адамның өзіне байланысты» деген еді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы тұрғындар арасында саламатты өмір сүру салтын насихаттау мәселесіне баса басымдық беріп, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа жеткізу міндетінің маңызды екенін атап көрсеткен еді.
Мамырға таман қадірі арта түсетін сөздің бірі – мамандық. google жүйесінде де көп ізделеді. «Мамандық пен жар таңдауда қателеспеу керек» деп басталатын «аталы сөздер» де осы кезде жиі айтылады. Университетте тарих пен философияны тауысып, таксист болып кеткен, машина жасауға машықтанып, ақыр соңында асабаға айналғандар да бар. Мамандықты сүймеу – несібеңді басқа саладан іздеуге мәжбүрлейді. Оқу жылы қорытындылар тұста мамандық таңдау тақырыбына қалам тербедік.
Жыл басынан бері 7000-ға жуық отандасымыз өзге елдің тұрғынына айналды. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, шетке көшкендердің көпшілігі Ресей азаматтығын алуды жөн көріп отырған сыңайлы. 500-ге жуық азамат Германияға қоныс аударған. 60 адам мұхит асып кеткенге ұқсайды.
Биылғы 8 мамырда АҚШ 2015 жылы қабылданған Иран ядролық келісімінен шығатынын мәлімдеді. Ресми «Жан-жақты қамтылған іс-қимылдар жоспары» деп аталатын келісім Иран мен АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Германия арасында жасалып, мұнайлы мемлекеттің ядролық қару бағдарламасын қадағалауда ұстауға қол жеткізу арқылы оған қарсы енгізілген санкциялардың біртіндеп күшін жоюды көздеген болатын. АҚШ президенті Дональд Трамптың аталған келісімді «Американың мүдделерін қанағаттандыруға тиімсіз» деп тауып, оның шарттарын орындаудан бас тартуы құжатқа қол қойған өзге елдерді де қиын таңдауға қалдырды.
Форумның негізгі отырыстарының бірі «Еуропалық Одақтың эволюциясы» деп аталады екен. Онда Одақтың қазіргі қиындықтары мен болашақтағы даму мүмкіндіктері талқыланады дейді ұйымдастырушылар.