А.Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен келді
30.03.2017, 23:38

А.Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен келді

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласына келді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз хатшысы Жасұлан Әбдіхалық.

Алдағы уақытта ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы, ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚХР Коммерция министрлігі, ҚХР Халықаралық сауда-саттыққа атсалысу комитеті басшылығы және бизнес қауымдастығы өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізу жоспарлануда.

Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлердің салалық басқармаларының басшылары, «ҚазАгро» холдингі мен еншілес ұйымдары, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы  өкілдері және ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер бар.

Сапардың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы АӨК-ке шетелден инвестиция тарту мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру және екі жақты тиімді келісімдерге қол жеткізу.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер