Показать содержимое по тегу: тақ
Каримовтың көзi жұмылды деген ақпарды ресми Ташкент жоққа шығарды. Қазiр оның атына тәуелсiздiк мерекесiне орай құттықтаулар түсiп жатыр. Өзбек президентiнiң сайтындағы мәлiметтерге қарағанда, Каримовты айтулы мерекемен құттықтағандардың арасында Украина, Тәжiкстан, Түркiменстан, Ауғанстан президенттерiн былай қойғанда, АҚШ пен Қытай басшысы да бар. Барак Обама Өзбекстанның территориялық тұтастығын қолдай беретiнiн бiлдiрсе, Си Цзиньпин тiптi Каримовке денсаулық тiлеген. Алайда өзбек лидерiнiң қазiр қандай жағдайда екенi Ташкенттегi шағын топқа ғана белгiлi. Ел тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған мерекелiк шаралардың кейiнге шегерiлуiнiң өзi көп нәрсенi айғақтап тұрғандай. Бiрақ бастысы, бұл емес. Дәл қазiр президенттiң өлi-тiрiсiнен гөрi әлем жұртын Каримовтан кейiнгi Өзбекстанның қандай болатыны көбiрек толғандырады.