Жетістік

Показать содержимое по тегу: Жетістік

«Транстелеком» АҚ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобасының ағымдағы жетістіктерімен таныстырды

Опубликовано в Шешімгер

Бастысы — қол жеткізген табыстарыңызбен тоқталып қалмау.

Опубликовано в Коучинг

Табыс қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін қоғам алдында қадірінің артуы. Кез келген кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісінде табысқа талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше фактордың ықпалымен жетуге болады:

Опубликовано в Коучинг

Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және жасқаншақтық.

Джеки Чан

Табысты болу және еңбек ету жолындағы алғашқы және ең маңызды кедергі - жалқаулық. Мұның қайнар көзі басқалар емес, тікелей өзіміз, өз нәпсіміз болып табылады. Жалқаулық адамның қарсы алдына шығып, жігітше айқасатын дұшпан емес. Ертегілердегі перілер секілді әр түрге еніп, әр түрлі айла қолданып, аяқтан шалатын алаяқ іспетті. Жалқаулық денсаулық тұрғысынан туындап жатса, дәрігерге қаралу керек. Рухани босаңдық, немқұрайлық, жеңілтектік түрінде болса мұны жеңуге тырысу керек. Еңбекқор адамдармен бірге болу, жалқау адамдардан ұзақ тұру керек.

Жетістік пен еңбекқор болудың екінші дұшпаны - нашар достар. Бұл кедергі де алдамшы, бетперделі келеді. Нашар достар сенің қамыңды ойлап, қамқор болып жатқансымақ көрінеді. Онсыз да жалқаулық нашар достардың айдауымен басталады, уақыт өтуімен әдетке айналады. Достың жаманы жұмыс істеп жатқан адамдардан мазасы қашады, табыстарымен еңбектерін кемсітіп, келеке ету арқылы райынан қайтарады.

Жетістік пен еңбек етуді тежейтін басқа да факторлар бар. Қысқаша тізбектейтін болсақ:

- Ойын-сауықтың көптігі;

- дұрыс емес тәлім жүйесі;

- жетекшінің нашар болуы;

- жұмыс істеп жатқандардың марапатталмауы;

- заңсыз табыс көздерінің жабылмауы т.б..

Жетістік пен еңбекқор болудың алдына шығатын кедергілердің барлығын жігерлі, табанды болу арқылы асып өтуге болады. Биіктерді бағындырған адамдардың көбі жігер, қайрат, табандылық танытқан адамдар.

Дереккөз: bilim-all.kz

Опубликовано в Әралуан
Страница 1 из 2

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер