Показать содержимое по тегу: жемқорлық
2015 жылы 23-науырыздың түнінде 91 жасқа қараған шағында Сингапурдың бірінші премьер-министрі, артта қалған Британия отарын көркейген елге айналдырған «экономикалық ғажайыптың» және экономикалық еркіндік көрсеткіші көшбасшысының авторы дүниеден өтті. Бұл мақала әйгілі мемлекет қайраткерінің бірегей саяси шешімдері туралы.
Астананың ЖОО-ын енді жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тексереді. Бұған медицина университетіндегі жалған сертификат дауы себеп болды. Яғни білім ошақтарына сыбайластық тәуекелдері бойынша сараптама жасалады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды astanatv.kz.
Ертіс өңірінің колледждерінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
Әлеуметтік-экономикалық даму динамикасының қанат жаюына кедергі келтіретін бірнеше фактор бар. Соның бірі - сыбайлас жемқорлық. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірнеше әдісі бар. Мамандар болса бұл ретте принциптік және жүйелі сипат болса, індеттің бұл түрін жоюға болатынын алға тартады. Ал заңдылықты қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Алайда сол заңдылықтар қаншалықты сақталып жүр, өңірімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстардың нәтижесі қандай? Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанназарова Нұргүл Алмасқызымен сұхбаттасқанды жөн көрдік.