филология

Показать содержимое по тегу: филология

Этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Мал баққан көшпелілер көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналады.

Опубликовано в Тіл

Бәйтерек – әлемдік ағаш. Әлемдік нұсқалардың бірі, әлем үлгісі. Барлық аңыздық дәстүрлерде, соның ішінде қазақы мифологияда кездеседі. Бәйтерек (нақты түпкі терек, Ана-терек) әлемдік ағаш ретінде барлық үш деңгейін – аспанның тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін жоғарғыны, ортаны, әлемнің тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін төменді байланыстырады. Оның жекелеген бөліктері өзімен дербес әлемдердің бөліктерін танытады: тамыры – жерасты әлемі, ұшар басы – орталық әлем, бұтақтары мен жапырақтары – жоғарғы әлем. Ал терек сөзінің этимологиясы (нұсқалары: дарақ, дарау, дара, тарақ), шамасы, *Tir түбірінен – өмір дегенді білдірсе керек.

Опубликовано в Руханият

Бүгінде қазақ жастары қазақша-орысшаны араластырып, «шала-қазақ» тілінде сөйлеуді сәнге айналдырған. Ресми түрде тіл деп танылмаса да, қазіргі таңда шала-қазақ тілі кең қолданысқа ие.

d61c86df-a6a6-47f8-85fb-327ae57c1826-620x464
Stan.kz  сайты  жастар арасында сауалнама жүргізіп, шала-қазақ тіліндегі ең жиі қолданылатын сөздердің рейтингін жасады. Бұл орайда бірінші орын – “Чё там, қалайсың? ” тіркесіне бұйырды.

Ең танымал тіркестердің қатарына: “в общем, солай ғой”, “мешать етпе”, “маған вообще бәрібір” және “если что, званда” тіркестері кірді.

Жігіттер қауымы бір-біріне “Брат – денесі квадрат” деп жиі қалжыңдайын көрінеді. Ал жастар «Обнаглелсың ба?» деп дөрекі тіркесті жұмсарта  қолданады екен. “Қызықсың сен, братишка!” сөз тіркесі MC Сайлаубектің арқасында танымал болып шыға келді.

“Шүкір пойдет, өзің как?”, “вечно соңдайсың”, “конечно, білем”, “шын айтам, как ана есть қой” сынды тіркестерді өзіңіз де күн сайын естіп жүрген боларсыз.

Тарих ғылымдарының докторы, публицист, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағымбай Қозыбаевтың пікірінше, қазақстандықтардың орыс тілін меңгергені өте жақсы, алайда екі тілді араластырмай, айтарыңды тек бір тілде айтқан жөн.

«Қазақ тілі мен орыс тілін өзара қарсы қоюға әсте болмайды. Екі морфологиялық жүйенің араласуына, яғни екі тілдің бірге қолданылуына тіптен жол бермеу керек», – деді Сағымбай Қабашұлы. Сондай-ақ, профессор, жаңадан тіл үйреніп жүрген жандарға кешіріммен қарауға болатынын айтты.

«Ондай жағдайда тіл үйренушілерге түсіністік танытып, дұрыс бағдар көрсетуіміз қажет», – дейді профессор.

Қозыбаев тілімізде кең қолданысқа ие болған «братішке», «семішке», «бәтіңке» сынды сөздерге мүлдем қарсы екендігін айтты.

«Мұндай сөздерді, негізінен, сырттан келген жастар енгізді. Көбінесе бұл тіркестерді студенттер қолданады. Қалжың қалжыңымен, алайда бұл сөздерді қолдануды біз әдетке айналдырып алдық. Кез келген әдеттен арылуға болады. Ең бастысы, жастар мұндай сөздерді қолдану арқылы қазақ тіліне де, орыс тіліне де абырой әкелмейтіндерін түсінулері керек», – деп түйіндеді сөзін Сағымбай Қозыбаев.

Нұрлыайым Нұрсаин

Опубликовано в Тіл

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер