Мен Жалоловты бұған дейін жеңгем. Ертең тағы да жеңемін деп отырмын
17.02.2017, 20:11

Мен Жалоловты бұған дейін жеңгем. Ертең тағы да жеңемін деп отырмын

"Астана арландары" клубы сапында аса ауыр салмақта өнер көрсететін былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев «Астана» Президеттік клубының ресми сайтына алдағы "Өзбек жолбарыстарымен" болатын кездесу туралы ойымен бөлісті. 

Айта кетейік, аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыздың қарсыласы Баходир Жалолов болады. Бұл екі боксшы 2015 жылы Болгарияда өткен бәсеке кездесіп, ол кезде қазақстандық боксшының мерейі үстем болған еді. 

- Бұл кездесуге дайындығым жақсы өтті. Қазақстан құрамасымен бірге AIBA академиясында жаттығу өткіздік. Жаттығу кезінде физикалық дайындығымызға ерекше көңіл бөлдік. Кейін Германия мен АҚШ боксшылармен дайындалуға мүмкіндік болды. Сондықтан алдағы кездесуге толық дайынмын.

Бұл кездесуге бапкерлердің мені шақырғаны күтпеген жағдай болды дей алмаймын. Өйткені, маусымның басында мені шақыруымыз мүмкін деп ескертілген болатын. Бұйырса, ертең жеңіске жетіп, командаға өз пайдамды тигіземін деп отырмын, - дейді Қоңқабаев. 

- WSB жобасында екінші жыл өнер көрсетіп жатырсыз. Бұл бәсекенің жүйесіне үйреніп қалдыңыз ба?

- Өткен жылы расында мен WSB жобасында жұдырықтастым. Бұл жобада жұдырықтасудың өз ерекшеліктері бар. Жекпе-жек ұзаққа созылады. Дайындық та басқаша өтеді. Басында үйрену қиын болды. Қазір төселіп алдым. 

- Қарсыласыңызбен бұған дейін кездестіңіз бе?

- 2015 жылы мен Жалоловпен Болагияда жыл сайын өтетін Strandja турнирінің финалында кездестім. Мен ол кездесуде нокаутпен жеңіске жеттім. Сондықтан ертең де жеңіске жетемін деп отырмын. Қарсыласымның мықты және осал тұстарының барлығын білемін деп айта алмаймын. Өйткені, бір рет ғана жұдырықтастық. Оның өзі екі жыл бұрын. Енл\ді ертең не боларын ринг көрсетеді. 

Еске салайық, "Астана арландары" мен "Өзбек жолбарыстары" арасындағы кездесу 18 ақпан күні Талдықорған қаласындағы "Жастар" спорт кешенінде өтеді. Жекпе-жектер Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады. 

Дерек көзі: kaz.vesti.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер