Показать содержимое по тегу: тұрақтандыру қоры
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасының өсуін шектеу мақсатында тұрақтандыру қорының өнімдерін өңір тұрғындарына төмен бағамен сату қалыптасқан. Мәселен, 2017 жылы «Азық түлік компаниясы» ЖШС-на 6800 тонна әлеуметтік маңызды тауарлар сатып алынса, оның 2232,5 тоннасы сатылған, деп хабарлайды silteme.kz АА.
Қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында орналасқан өңіріміздегі тұрақтандыру қорының қоймасын аралап көрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.