5 мың жылдық Мысыр мумиясынан ең ежелгі татуировка табылды
01.03.2018, 15:29

5 мың жылдық Мысыр мумиясынан ең ежелгі татуировка табылды

Ғалымдар зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Мысырдың 5 мың жылдық мумиясынан ежелгі татуировкаларды тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, ер адам мумиясының арқасында жабайы өгіз бен қойдың суреті, әйел адамның мумиясының иығынан S пішіндес жазулар табылған. Бұл татуировкалар туралы толық материал «Археологиялық ғылым журналында» жарияланды.

Мақала авторларының бірі және британ музейінің антропологы Даниэль Антуан бұл тарихи жаңалық біздің ежелгі заманғы адамдардың өмірі туралы ойымызды толығымен өзгертуі мүмкін деді.

 

«Бүгінгі күнге дейін өте жақсы сақталған мумиялардың бұрынғы өмірі туралы қазір жаңа түсінік алып жатырмыз. 5 мың жыл бұрын Африкада мыңжылдықтарға сақталатын татуировканың болғаны таңғаларлық оқиға», - деді автор.

Оның айтуынша, ер адамның мумиясы 100 жыл бұрын табылған. Компьютерлік томография зерттеулері көрсеткендей, арқасына алған жарақатынан қайтыс болған мумия 18-21 жас аралығында болған. Оның қолындағы қою түсті дақтарға басында мамандар еш мән бермеген. Бірақ кейін инфрақызыл сканер дақтардың жануарлардың бейнесіндегі татуировка екенін көрсеткен. Онда ұзын құйрығы бар жабайы өгіз бейнеленген.

Ал әйел мумияның оң жақ иығында S бейнесіндегі төрт сызық анықталған. Конструкция терінің астында орналасқан. Ғалымдар пигменттің күйеге ұқсас екенін анықтады.

Бұрын археологтар ежелде әйелдер ғана татуировка салдырған деп пайымдаған болатын. Бірақ еркек мумиядан табылған татуировка бұл пікірді жоққа шығарып отыр. Зерттеушілердің айтуынша, татуировка адамның статусы мен ерлігін көрсеткен.

Бір айта кетерлігі, мумиялар Мысырдың оңтүстігінен табылған. Арнайы дайындықсыз жерленген денелер шөл даланың құрғақтығы мен тұздылық деңгейінен, жылудың ықпалынан жақсы сақталған. Радиоуглерод зерттеулерінің нәтижесінде мумиялардың б.з.д. 3351-3017 жылдар аралығында өмір сүргенін анықтады.

             

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер