Отбасы мүшелері жаңа жылды қайда қарсы алуды жоспарламасын, үйде міндетті түрде кең дастархан жайылады. Отбасының аналары мен қыз-келіндері мерекелік дастархан жаюға барынша дайындалады. Ол үшін жаңа жыл алдында бірнеше күн немесе бір апта бұрын қажеттіліктерін толықтырады. Дайындаймын деген ыстық тағамға, салат, тәтті дәмділеріне керекті көкөніс жемістерін, қоспаларын алып, сусындарын дайындап қояды. Бұл барлық от анасының жаңа жылға дайындық шарасында орындайтын әрекеттері.
Жаңа жылдық ас мәзіріне не дайындауды жөн көресіз? Қыз-келіншектер қауымы ас үй жаңалықтарын жақсы көретін қауым. Небір жаңа ас мәзірлерін байқап көру мақсатында, түрлі салаттар мен соустарды, тәтті десерттер мен тіске басар дайындағанды ұнатады. Сол себептен де жаңа жылды қарсы алу мақсатында қандай ас мәзірін жасағыңыз келетінін жақсылап ойластырған жөн. Бір жыл көлемінде сізге және отбасыңызға ерекше әсер қалдырған салаттарды, тіске басарларды, кафе, мейрамханалардан, туған күн кештерінде, немесе қонақ болған жеріңізде бірінші рет дәмін татқан және ерекше әсер қалдырып, көңіліңізге жаққан салаттарды дайындауыңызға болады. Жалпы салаттар мен тіскебасарлар кез келген мерекелік ас мәзірінің ажырамас бөлігіндей. Сіз отбасы таңдауы мен талғамына қарай кез келген салатты дайындай аласыз. Бұдан бөлек жаңа жылдың дәстүрлі салаты «Оливьені» дайындайтыныңыз анық. Бұл жаңа жылдың басты белгісіндей.
Ыстық тағам тақырыбына келсек. Ыстық тағам кез келген дастарханның басты тағамы болып есептеледі. Бұған әр отбасы түрлі шешім қабылдап жатады. Дегенмен, қазақ халқында ыстық тағамдардың ішіндегі ең бастысы - «бесбармақ». Кез келген мейрам, мерекеге басты және дәстүрлі тағам ретінде бесбармақ асылады. Сондықтан да жаңа жылдық ыстық тағамға аналарымыз артық әуреге түспей, көп ойланбай бесбармақ дайындауды жөн көреді. Әрине, ыстық тағам ретінде тек бесбармақ пісіру керек десек, жалған айтқан болармыз. Әрбір отбасының өз таңдауы, қалауы бар. Бесбармақпен бірге жиі жасалатын ыстық тағамдар қатарына қуырдақ, палау, мантыны да жатқыза аламыз.
Алдағы 2018 жыл ит жылы болғандықтан ас мәзіріне қосатын тағамнан шектеу жоқ десек болады. Жалпы ит жылы жер белгілерінің қатарына кіреді. Және ит жылының тамаққа деген талғамымен санасқан дұрыс. Ең жақсысы иттің тағамға деген талғамы қатал емес және ет, балық, тәттілер барлығын жей алады. Алдағы ит жылы молшылықта болсын десеңіз қолыңызда бардың барлығын дастарған мәзірі үшін қолдансаңыз болады. Ескере кететін қызықты жайттың бірі, сары және қоңыр түсті басшылыққа алу. Келер жылы келетін ит жылының негізгі түсі сары және қоңыр, яғни жердің түсі. Сондықтан осы түстегі көкөніс жемістерді қолдансаңыз болады. Бұл молшылыққа ырымдау.
Дастарханды бүкіл отбасы мүшелерінің талғамына, қалауына сай етіп жасауды, әрине өз қолымызға алғымыз келеді. Бірақ кейде уақыттың тапшылығынан немесе қандайда бір жағдайларға байланысты өз қолыңыздан тағам жасау мүмкіндігі болмаса, сіз тағам жеткізуді ұсынатын мейрамхана қызметіне жүгіне аласыз. Немесе үйде қызмет көрсететін аспаз қызметін жалдай аласыз. Жаңа жыл жақсылығын әкелсін!
Қайнар көзі: toibiznes.kz