Показать содержимое по тегу: Ілияс Жансүгіров
Қазақ әдебиетіндегі Үш бәйтеректің бірі – Ілияс Жансүгіров. Аласапыран заманда айдауға жөнелтіліп, Алматының іргесінде атылған Алаш арысының ұрпағы Саят Жансүгіровтің жасы бүгінде тоқсанға таяған. «Әкемнің тағдырын айту жүрегіме шаншудай қадалады» деген Саят Ілиясұлы бұған дейін бұрмаланып келген бірқатар деректердің ара-жігін ажыратып, баяндап берді.
Шындығында, өткен ғасырдың 30-40 жылдар аралығындағы баспасөздерді ақтарып қалсаңыз қазақ зиялыларының бірін-бірі аяусыз қаралаған мақалаларынан көзің тұнады. Бұл – шындық. Түптеп келгенде, соның бәрі қолдан жасаған саяси ойын екенін кейбіреулердің мойындағылары келмейді.