тарихи фото

Показать содержимое по тегу: тарихи фото

«Адидас» маркалы аяқкиім киген ежелгі дәуір қаңқасына қатысты тың деректер табылды, деп жазады BAQ.kz шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

 Ғалымдар оның әйел адам екенін анықтаған. Ол осыдан бір жыл бұрын Моңғолияның Алтай тауларының бірінен табылған болатын. Оның денесінің өте жақсы сақталуы ғылымда жаңа, соны деректерді табуға мүмкіндік беретінін айтып сол кезде ғалымдар дабыл қаққан еді.

Ғалымдар ол басынан алған күшті соққының салдарынан қаза болғанын анықтады.

Түр әлпеті түркі тектестерге келетін бұл әйелдің жасы 30-40-тар шамасында. Өткен жылы табылған кезде оның аяғына киген етігінің қазіргі замандық дизайнмен тігілгенін, тіпті спорттық аяқ киімге ұқсайтынын әлемдік БАҚ жарыса жазды. Тура осы мәселеге қатысты дүниежүзілік бақылау орталығы да қызығушылық танытқан еді.

Өткен жылы қаңқа табылғаннан бері ғалымдар тұрақты түрде бұл жұмыспен айналысты.

Қара мен қызылды ойыстыра жасалған оның аяқ киімінің тазаланып, қалпына келтірілген суреті The Siberian Times электронды порталында жарияланған.

Моңғолиялық Мәдени мұра орталығының хабарлауына қарағанда бұл әйел осыдан 1100 жылдың алдында басынан алған қатты соққының салдарынан қайтыс болған. Алғашқы ғылыми сараптаманың нәтижесі бойынша бет сүйегіндегі жарақат іздері оның өлімінің айғағы болуы мүмкін деген болжам бар.

Ғалымдар оның нақты қай кезде өмір сүргенін анықтау барысында жұмыс істеп, оның біздің заманымыздың Х ғасырында өмір сүрген деген болжам жасауда.

Әйелдің бас сүйегінің жоғарғы бөлігінде бір уыстай шаш қалған.

Әйелдің моласынан шағын қол сумкасы табылған. Және төрт жұп киімі болған.

Сонымен қатар, онымен бірге айна, т.б. заттардың шірінділері табылды.

Теңіз деңгейінен 2803 метр биіктіктен табылған қаңқа түркі текті екені анықталды. Олай болса бұл орталық Азиядан табылған алғашқы толық сақталған түркі әйелінің қанқасы болмақ.

Ал мәйіттің қасында күміс жүген, ноқта, қыш ыдыстар, ағаш саптаяқ, астау, темір шәйнек, жастық, қойдың бас сүйегі, қол сумкасы, сонымен қатар ыдыс-аяқтарды салып алып жүруге ыңғайлы шағын былғары қоржын мен шағын кездік болған.

Және мәйіттің жанынан барлық әбзелдерімен бірге аттың қаңқасы қоса табылды.

Қаңқа Моңғолияның Қытай, Ресей, Қазақстанмен шекаралас Алтай тауының сілемінен табылған.

 

Опубликовано в Қоғам

 «Адамзаттан кейінгі тіршілік» - History Channel арнасына арнайы түсірілген ғылыми-атақты жоба.

Опубликовано в Руханият

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер