Астанада дәстүрлі Махамбет оқулары өтеді
14.10.2016, 12:00

Астанада дәстүрлі Махамбет оқулары өтеді

17 қазанда М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Махамбет - тарихи тұлға» атты Махамбет оқуларының қалалық байқауы өтеді, деп хабарлайды baq.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтей отырып.

 Конкурс XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың рухани көшбасшысы, қазақтың ұлы ақыны Махамбет Өтемісовке арналған.

Махамбет оқуларының қалалық байқауына 8-17 жастағы 100 бала қатысады. Басты кезеңге 60 мектептің ішінен 24 мектептің оқушылары өтті.

Биыл «Махамбет - тарихи тұлға» қалалық байқауы «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын», «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациялары бойынша өтеді.

2003 жылы астаналық оқушылар сарайына батыр бабамыз Махамбеттің есімі берілді. Оқушылар сарайы 13 жылдан бері Махамбет оқуларын ұйымдастырып келеді.

     

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер