«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі бекітілді
07.03.2018, 18:09

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі бекітілді

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стпендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылатынын және конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтетінін хабарлайды. Қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісім-шарттар негізінде шет елде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биылғы жылы түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер