Показать содержимое по тегу: ҰБТ
Биылғы оқу мерзімі де аяқталуға таяу. 25 мамыр – соңғы қоңырау. Күзде мектеп табалдырығын аттаған әрбір түлек мамыражай мамыр келсе, демалысқа асығады. Асықпайтын бір ғана сынып бар, ол – мектеп бітіруші түлектер. Алда – ҰБТ. Жоғары оқу орнына түсуге талпынған әрбір бала ҰБТ тапсыруға міндетті. Тапсырғысы келмейтіндер болса, ол да өз еркі. Баланың қалауы да ескеріліп отырады. Әрине, кез келген ата-ана баласының жоғары білімді азамат атанғанын қалайды. Әрі кәмілет жасына толған жеткіншектің өз елінің бір кірпіші болып қаланса дейді.
«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз орталығында Бірыңғай ұлттық тест тапсырудың барысы туралы брифинг өтті.
Алдағы уақытта ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру мүмкіндіктерін барынша арттыру жоспарлануда. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э. Суxанбердиеваның айтуынша, бала бірден өз білімін көрсете алмауы мүмкін екен, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.