Показать содержимое по тегу: Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы бірлескен Жол картасын бекітті, деп хабарлайды silteme.kz.
2018 жылғы 14-15 қаңтар аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Каир қаласында жұмыс сапарымен болып, онда Жоғарғы имам Шейх Әл-Азхар Ахмад Ахмад-Ат-Тайеб, Коп православ шіркеуінің басшысы Папа Тавадрос II, Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар істері жөніндегі министрі Мұхтар Жұма, Мысырдың Сыртқы істер министрінің мәдени және дін мәселелері жөніндегі орынбасары Хибо Әл-Мараси, сондай-ақ Азия істеріне қатысты орынбасары Халид Саровпен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz.