Ішкі істер министрі Ұзынағаш қылмысы бойынша Үкімет басшысына есеп берді
27.09.2016, 10:47

Ішкі істер министрі Ұзынағаш қылмысы бойынша Үкімет басшысына есеп берді

Ішкі істер министрі Ұзынағаш қылмысы бойынша Үкімет басшысына есеп берді фото:Бауыржан Жуасбаев

Үкіметтің бүгінгі отырысы басталмас бұрын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ұзынағаштағы мал сатуға барып, қалмыскерлердің құрбанына айналған үш жігіттің қазасына қатысты ақпарат беруді сұрады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Осы мәселе бойынша есеп берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов қылмыстың xронологиясын айтып берді. Үкімет бамшысы елдің дүрлігіп қалуына байланысты аталған мәселені министрдің жеке бақылауына алуды тапсырды 

«Қыркүйектің 20-сы күні бізге базарда мал сатамыз деп, үш азаматтың жоғалғаны туралы арыз түскен. Келесі жылы біз бір машинаны таптық. Біз олардың 41 бас малды сатуға алып шыққанын анықтадық. Ал қыркүйектің 23-і күні екінші жүк көлігін тауып алдық. Артынан жергілікті xалықтың қылмыскерлерге көмектескенін білдік. Олар жолда батпаққа батып кеткен. Сонда көмек берген жергілікті тұрғындардың арқасында қылмыскерлердің кім екенін анықтадық», - дейді Қ.Қасымов.

Министрдің сөзіне қарағанда, қылмыскерлер мал базарындағы ағайынды жігіттерге жолығып, ірі қараны толығымен алып кетеміз деп, алдап, бір шатқал жаққа алып барған. Сол жерде мал сатушы жігіттерді өлтірген. Ал мал мен адам мәйіттері тиелген жүк көліктерімен келе жатқанда батпаққа батқан.

«Сол кезде олар жергілікті xалықты көмекке шақырған. Қазіргі кезде қылмыскерлер ұсталды. Мылтық тәркіленді. Қылмыскерлер мәйітті көміп кеткен жерді көрсетті. Бүгін қайтыс болған азаматтарды жерлеу рәсімі өтеді. Іс Алматы облыстық ішкі істер департаментіне тапсырылды. Жақын арада оны сотқа жолдаймыз», - деп атап көрсетті Қ.Қасымов.

Арман Асқаров

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер