Алматы облысында кинологтар жарысы өтті
29.10.2016, 09:30

Алматы облысында кинологтар жарысы өтті

Алматы облысында кинологтар жарысы өтті, деп хабарлайды 24.kz.

 Бәсекеде қызметтік иттер жарылғыш және есірткі заттарды іздеп, қылмыскерлерді ұстауға қаншалықты қабілетті екендіктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Панфилов, Іле және Кербұлақ аудандарының кинологтары жоғары нәтижеге қол жеткізді.

 Қазір облыстың барлық аудандарында кинологиялық қызмет орталықтары жұмыс істейді. Өңірде жыл басынан бері иісшіл иттердің көмегімен 230 келіден аса есірткі тәркіленіп, 180 қылмыстың ізі кесілді.

Ерлан Мүсәпіров, кинологиялық орталық қызметкері:

- Биылдан бастап біз Талдықорғандағы қызметтік иттердің күшіктерін көбейтуге көңіл бөліп жатырмыз. Оларды аудандық ішкі істер бөлімдеріне таратамыз. Бұл кинологиялық қызметті жандандыруға пайдасын тигізеді.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер