Астанада 79 жастағы қарттар некелескелі жатыр
05.10.2016, 16:29

Астанада 79 жастағы қарттар некелескелі жатыр

Астанада 79 жастағы қарттар некелескелі жатыр Көрнекі сурет

Астана қаласының Сарыарқа ауданына қарасты АХАЖ бөліміне некеге тұру үшін 79 жастағы Николай Кириллович пен Валерия Иванова өтініш білдірді, деп хабарлайды ikerim.kz.

АХАЖ бөлімінің қызметкері Бақытгүл Шайкенова: « Некеге тұру үшін екеуіде 1936 жылғы жұбайлар өтініштерін білдірді. 1991 жылы олар ажырасып, кейін тағы да бірге тұра бастаған екен»,- дейді.

Бұл өзгеше жұп үшін АХАЖ бөлімі ресми некеге тіркеу уақытын қысқартпақ. Негізі, некеге өтініш білдіргеннен кейін оның расталуын 1 ай көлемінде күтуге тура келеді, алайда Николай Кириллович пен Валерия Иванованы екі аптада тұрмыс құратын болып шешіліпті.

Күйеу жігіт –Николай Кириллович журналистерге жұбайымен 30 жыл отасып, асығыс қадаммен ажырасып кеткенін айтады.

Көп жылдық тәжірибесі бар күйеу жігіт: «Құрметті жас жұбайлар, ұсақ- түйекке мән бермей, отбасының беріктігін сақтаңыз. Ешуақытта көзге шөп салмай, адал болыңыз. Жарыңызды бағалаңыз. Ажырасқан соң өкініштен ішіңіз өртеніп, құса боласыз. Айқай- шудан қашыңыздар, себебі одан да биік: махаббат, жылулық, перзент және құрмет дейтін ұлы сезімдер бар. Барыңызды бағалап, қадірлеңіз!»,- деп отбасының беріктігі туралы сөз қозғаған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер