Сирияның қоршаудағы қалаларына гуманитарлық көмек жеткізілді
26.09.2016, 20:11

Сирияның қоршаудағы қалаларына гуманитарлық көмек жеткізілді

Сирияның қоршауда тұрған төрт қаласына гуманитарлық жүк тиеген жетпіс көлік жетті деп хабарлайды azattyq.org

Гуманитарлық көмек бұл қалаларға алты айдан бері бірінші рет жеткізіліп отыр. Гуманитарлық көмек мәселесімен айналысатын ұйым жүк көліктері Дамаскіге жақын Мадайя мен Забдани қалаларына және елдің солтүстік-батысындағы Әл-Фуа мен Кефрайя қалаларына жеткенін мәлімдеді.

Мадайя - Ливанмен шекараға жақын орналасқан, 40 мың адам тұратын қала. Қаланы Сирия үкіметімен одақтас күштер алты айдан бері қоршап тұр. Забаданиде шамамен 1 мыңға тарта адам ғана қалған.

Кефрайя мен Әл-Фуада БҰҰ мләметінше 20 мыңға тарта адам тұрады. Бұл қалаларды көтерілісшілер 2015 жылдың шілдесінен қоршап тұр.

Сирияда БҰҰ көмегін көрсетудің соңғы операциялары 48 сағаттық бітім әуе шабуылы салдарынан үзілген соң тоқтаған. Өткен аптада Алеппоның батысында БҰҰ-ның гуманитарлық жүк тиеген 31 жүк көлігінен тұратын керуені шабуылға ұшыраған. Шабуылдан 20 бейбіт тұрғын қаза тауып, қойма жойылған. Бұдан соң БҰҰ құрлықпен жүк жеткізуді уақытша тоқтатқан.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер