Жезқазғанда ер адам жанжалдасып қалған танысын пышақтап тастады
11.01.2018, 16:08

Жезқазғанда ер адам жанжалдасып қалған танысын пышақтап тастады

Жезқазған қаласындағы базарда ер адам танысымен жанжалдасып қалып, оны пышақтап тастаған. Салдарынан жәбірленуші қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Осы қылмысқа қатысты криминалдық полиция және жедел тергеу тобының қызметкерлері 39 жастағы жезқазғандықты ұстады. Күдікті базарда сөзге келіспей қалып, 44 жастағы жәбірленушіге пышақ сұғып алған. Күдікті болған жайтты мойындады», - дейді Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер