«Кеше, Шахтинск қаласындағы орталық ауруханаға Қазақстан шахтасынан 1982 жылы туылған ер адам жеткізілді. Ол жедел жәрдеммен емес, басқа қызмет көлігімен жеткізілді», - деді ол.
«Науқастың айтуы бойынша, ол энергетикалық сусын ішкеннен кейін қалшылдай бастаған. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, жалпы палатада жатыр. Әзірге біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады», - дейді баспасөз хатшысы.
Бұдан басқа, «Тентек» шахтасынан екі кенші жеткізілген. Олар ауруханаға жатудан бас тартып, қолхат жазып кетіп қалған.
Айта кетсек, 11 желтоқсан күні басталған наразылық шарасы әлі жалғасып жатыр. Түрлі дереккөздер бойынша, қазір кеніштерде 600-ден 1000-ға дейін шахтерлер бар. «АрселорМиттал Темиртау» жұмысшылары басшылыққа жалақыны көтеру туралы шарт қойып отыр.