Дене шынықтыру сағатын қысқарту расымен қарастырылып жатыр, бірақ ол мәселе тек спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданатын оқушыларға қатысты.
"Әлеуметтік желіде дене шынықтырудың үшінші сағаты болмайды деп жатқандар көп. Дене шынықтырудың үшінші сағатынан бас тартуды жоспарлап отырған жоқпыз, жоспарламаймыз да. Спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданатын оқушыларды дене шынықтыру пәнінен босату үнемі талқыланып жүр. Біз бұндай шешімді ата-аналардан келіп түскен көптеген өтініш бойынша қабылдап отырмыз", – деді Сағадиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің сөзінше, мектептердің педагогикалық кеңестері оқушылардың ата-аналары арыз жазған жағдайда ғана түпкілікті шешімді қабылдайды.
Сағадиев бұндай балалар бос уақытында оқу бағдарламасын қуып жетіп, басқа пәндерден қосымша сабақ оқи алатынын айтты.