Сапарбаев: Жолаушылар тасымалдайтын барлық автобустарды тексеру қажет!
22.01.2018, 16:31

Сапарбаев: Жолаушылар тасымалдайтын барлық автобустарды тексеру қажет!

Сапарбаев: Жолаушылар тасымалдайтын барлық автобустарды тексеру қажет! kazakparat

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жолаушылар тасымалымен тұрақты айналысатын көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңір басшысы еңбек демалысынан соң бірден ауруханаға барып, автобус өрті кезінде аман қалған адамдардың жағдайын білген болатын. Кейін әкімдікте жиын өткізіп, мемлекеттік органдарға жолдарда бақылауды күшейтуді, сондай-ақ тұрақты түрде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруді тапсырды.

«Ақтөбе облысы халықаралық көлік ағыны өтетін транзиттік өңір болып табылады. Болашақта осындай жағдайды болдырмау үшін көлік бақылау инспекциясы, жергілікті полиция қызметі көлік прокуратурасымен бірлесе осы бағыттағы жұмыстарды күшейтулері керек. Біздегі қалааралық және халықаралық тасымалмен айналысатын барлық автобустарды тексеру қажет», -деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Ырғыз ауданындағы автобус өртенген жерде жұмыс істеген барлық шұғыл және жедел қызметтерге алғысын білдірді.

«Құтқару қызметтері, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен барлық мемлекеттік органдар тәулік бойы үйлесімді әрі жедел түрде жұмыс істеді. Сол үшін сіздерге көп рахмет. Ең алдымен Өзбекстан тарапы ризашылығын жеткізді. Біздің тарапымыздан оларға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетілді. Бұл сұрақ бірінші күннен бастап-ақ Мемлекет басшысының жеке бақылауында»,- деп атап өтті облыс әкімі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер