Елбасының төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы кеңес өтті. Кеңеске Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Премьер-Министрдің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қатысты, деп жазады "Түркістан" газеті тілшісі.
Жеделхатта Мемлекет басшысының Газиантеп қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.